Барлық мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік қызметке түсетіндерге! Мемлекеттік қызметшілерді оқыту аймақтық орталығы ҚР заңнамаларының қосымшаларымен және өзерістеріне сәйкес жаңартылған бағдарлама бойынша сынап көру тестілеуін жүргізеді. Көкшетау қ., Абай көшесі, 89, №405 кабинет, байланыс телефоны: 25-64-42

Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының сайтына қош келдіңіздер!

«Тұрақты оқу және біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметтің негізгі бір басымдылығына айналуы тиіс»
Н. Назарбаев
Елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында «Кәсіби мемлекеттік аппараты құрастыру» алғашқы институционалды нысан белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясаттың мақсатына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық буын болып табылады. Қазақстанда демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы, білікті кадрлармен қамтамасыз етілген жоғары тиімді мемлекеттік қызметті құруды ұсынады. Сондықтан да, мемлекеттің қызметінің кәсіби корпусын қалыптастыру, мемлекеттік билік органдарын стартегиялық және тактикалық тұрғыдан дамытудың мәселесі болып есептеледі. Құзыретті мемлекеттік қызметшілер ғана, маңызды мемлекеттік міндеттерді сапалы жүзеге асыра алатындығын ұғына отырып, біз басшылық кадрларды оқыту және бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметтерді қалыптастыру мәселесінде тұтынушыларды қанағаттандыру үшін тиісті жағдай жасауды қамтамасыз етуге дайынбыз.

Мен сіздерді біздің сайтамызда қарсы алуға ризамын. Аймақтық орталықтың сайты, біздің өңіріміздің мемлекеттік қызметшілерін оқытуын жетілдіру мәселелерін ұтымды шешуде, сіздермен ынтымақтастық орнатуға және тұжырымды пікір алмасуға сенімді көпір болатындығына сенімдіміз.

Сайтқа кірушілер орталықтың қызметі туралы барынша қажетті ақпарат және сұрақтарына дәйекті жауап ала алады, сондай-ақ өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын және тілектерін қалдыруға мүмкіндігі болады.
Ә.Баймағамбетов









insagram



Разработка сайтов в Кокшетау
';