Барлық мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік қызметке түсетіндерге! Мемлекеттік қызметшілерді оқыту аймақтық орталығы ҚР заңнамаларының қосымшаларымен және өзерістеріне сәйкес жаңартылған бағдарлама бойынша сынап көру тестілеуін жүргізеді. Көкшетау қ., Абай көшесі, 89, №405 кабинет, байланыс телефоны: 25-64-42

АОО туралы мәлімет

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы 01.06. 2005 жылдан бастап жұмыс істейді.

Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер негізінде және кәсіпорынның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақмола облысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған міндетін шешуге және басқарушылық кәсіптік және кадрлық әуелетті дамыту мақсатында, Орталықтың негізгі басым қызметі мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мемлекеттік органдармен және аумақтық мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету жағдайында өткізіледі және облыс әкімінің аппаратымен, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен қадағаланады.

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілді, мемлекеттік қызметшілердің оқыту жоспар-кестесіне сәйкес оқыту топтары қалыптастырылады.

Орталықтың тақырыптық топтамалары мен білім бағдарламалары оқытудың тиімді нысандары мен әдістерін пайдалану негізінде қазіргі заманғы талаптар мен технологияларды ескере отырып, сонымен қатар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әдістемелік нұсқауларына сәйкес әзірленді.

Семинарлар мен курстар тыңдаушыларының білімін бақылау тестілеу, талдау хатын қорғау, жобалық жұмыстарын қорғау нысанында өткізіледі, олардың қорытындылары бойынша, бекітілген үлгідегі сертификаттар мен куәліктер беріледі.

Орталықтың қолда бар материалдық-техникалық базасы оқыту деңгейін қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Ақмола облысы әкімідігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қата дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы бұл:
• Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жетілдіру семинарлары;
• Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлер мен басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта дайындау курстары;
• Азаматтық қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру семинарлары;
• лекциялар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар, көшпелі практикалық сабақтар, мемлекеттік органдарда өткізілетін сабақтар, саяхаттар және т.б.;
• облыстағы жетекші оқу орындарының жоғары білікті оқытушы құрамы, Ақмола өңірінің басшылары мен маман-практиктер;
• мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру;
• сынап көру тестілеу қызметін ұсыну.



insagram



Разработка сайтов в Кокшетау
';