«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалы хабарлайды: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №230 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес аймақтық филиалдардың профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды: Ақмола облысы бойынша Академия Филиалы: Бос лауазымдар: Профессор (1 бірлік), доцент (1 бірлік). Филиалдың байланыс деректері: email: akm.info@apa.kz; akmolarcgs@mail.ru 8(7162)40 13 68 Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кеш емес, 2018 жылғы 8 қаңтардан бастап 7 ақпанға дейін (сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін). Құжаттарды қабылдау электрондық пошта немесе қолма-қол тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар және басқа да ақпараттар бойынша Академияныңwww.pa-academy.kz сайтында , «Бос орындар» бөлімінде таба аласыз.

Құрметті қонақтар! «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалының сайтына қош келдіңіздер!

«Тұрақты оқу және біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметтің негізгі бір басымдылығына айналуы тиіс»
Н. Назарбаев
Елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында «Кәсіби мемлекеттік аппараты құрастыру» алғашқы институционалды нысан белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясаттың мақсатына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық буын болып табылады. Қазақстанда демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы, білікті кадрлармен қамтамасыз етілген жоғары тиімді мемлекеттік қызметті құруды ұсынады. Сондықтан да, мемлекеттің қызметінің кәсіби корпусын қалыптастыру, мемлекеттік билік органдарын стартегиялық және тактикалық тұрғыдан дамытудың мәселесі болып есептеледі. Құзыретті мемлекеттік қызметшілер ғана, маңызды мемлекеттік міндеттерді сапалы жүзеге асыра алатындығын ұғына отырып, біз басшылық кадрларды оқыту және бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметтерді қалыптастыру мәселесінде тұтынушыларды қанағаттандыру үшін тиісті жағдай жасауды қамтамасыз етуге дайынбыз.

Мен сіздерді біздің сайтамызда қарсы алуға ризамын. Филиалдың сайты, біздің өңіріміздің мемлекеттік қызметшілерін оқытуын жетілдіру мәселелерін ұтымды шешуде, сіздермен ынтымақтастық орнатуға және тұжырымды пікір алмасуға сенімді көпір болатындығына сенімдіміз.

Сайтқа кірушілер орталықтың қызметі туралы барынша қажетті ақпарат және сұрақтарына дәйекті жауап ала алады, сондай-ақ өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын және тілектерін қалдыруға мүмкіндігі болады.
Ә.Баймағамбетов









insagram



Разработка сайтов в Кокшетау
';