«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалы хабарлайды: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №230 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес аймақтық филиалдардың профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды: Ақмола облысы бойынша Академия Филиалы: Бос лауазымдар: Профессор (1 бірлік), доцент (1 бірлік). Филиалдың байланыс деректері: email: akm.info@apa.kz; akmolarcgs@mail.ru 8(7162)40 13 68 Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кеш емес, 2018 жылғы 8 қаңтардан бастап 7 ақпанға дейін (сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін). Құжаттарды қабылдау электрондық пошта немесе қолма-қол тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар және басқа да ақпараттар бойынша Академияныңwww.pa-academy.kz сайтында , «Бос орындар» бөлімінде таба аласыз.

Біздің түлектер


insagram



Разработка сайтов в Кокшетау
';